"Ұлдар мен қыздар бөлек ұйықтайды". Танымал жұп халал балабақша ашқандарын айтты

6477
Adyrna.kz Telegram

Қазақ эстрадасындағы танымал жұптардың бірі Қуаныш пен Қарлығаш өздерінің бұрынғы 300 шаршы метрлік үйлерін халал балабақшаға айналдырды. Бұл туралы олар "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында айтты, деп жазады "Адырна". 

"Бұрынғы үйімізді бизнеске айналдырдық. Біреуге беріп кетпедім. Балабақша ашып, оған өзімнің әпкемді отырғызып қойдым. Аптасына бір рет өзім барып қадағалаймын. Барлығы да халал. Тамақтары да... Ұл балалар мен қыз балалар бөлек ұйықтайды. Барлығы да ондай сақталған. Балаларға адал жұмыс істесем, Алла маған өзі де береді. Өзім де алты баланың анасы болған соң, балалармен қарым-қатынас сақталған, шүкір. Қазір өркендеп, тағы да біреуін салып жатырмыз", - дейді әнші Қарлығаш Мырзагелдиева.

Бағдарлама барысында Қарлығаш жұбайына армандап жүрген қымбат көлігін сыйлағанын да айтқан болатын.

Ал бұған дейін олар кіші ұлдарын қатерлі дерттен емдету үшін біраз уақыт Түркияда тұрып келген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер