Павлодарда трамвай жүргіншіні қағып, мерт қылды

1887
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп – М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түсті.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

Оқиғадан кейін жүргізуші қозғалысын жалғастырып, апат орнынан кетіп қалған»,—делінген хабарламада.

Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Пікірлер