Келеңсіз жайт Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болған
Әйгілі "Дос Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайынов әуежай қызметкеріне қол көтеріп, денсаулығына зиян келтірді, деп хабарлады "Эйр Астана" әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әншінің әрекеті жолаушыларға қауіп төндірген.
"Экипаж мүшелері оны ұшаққа отырғызудан бас тартқан. Әнші әуекомпания қызметкерлерінің көзінше жолаушыларға қызмет көрсету бөлімі басшысының маңдайына қатты соққы жасап, оның денсаулығына зиян келтірді", - деп хабарлады әуежай қызметкерлері.
"Эйр Астана" әуекомпаниясы жолаушылардың заңға қайшы әрекетіне мүлде жол бермейтінін мәлім етті.
Компания зардап шеккен қызметкеріне барлық көмекті көрсететінін атап өтіп, "Дос Мұқасан" тобының мүшесі заң алдында тиісті жазасын алатынын мәлім етті.
"Әуекомпания Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы полиция бөліміне Мұрат Құсайыновты жауапқа тарту және сотқа дейінгі тергеу жүргізу жөнінде арыз түсірді", - дейді әуекомпанияның баспасөз қызметі.
Sputnik.