"Самұрық-Қазына" қорының еріктілері "Мектепке жол" жобасына атсалысып жатыр

1432
Adyrna.kz Telegram

"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық жобасын іске асыру басталды. "Самұрық-Қазына" қорының еріктілер тобы аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Самұрық-Қазына" қорының еріктілер тобы аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп жатыр. Қор өкілдері мектепке баратын  оқушыларына арналған мектеп керек-жарақтарының жиынтығынын ұсынуда.

Бұл қайырымдылық акциясы шамамен 15 мың балаға, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға қолдау көрсетуге жұмсалмақ. Аталмыш жоба отбасылар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Қор мұның жолында бірінші сынып оқушыларының оқу жылын сәтті бастауы үшін барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етпек.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов бұл жайды:

- Мұндай қайырымдылық бастамалар қиындықтарға тап болған балалардың үздік оқуына серпін береді.  Қор әрдайым бұл бағытта белсенді жұмыс істеуін жалғастырады,  шәкірттерді шабыттандыраады, оқу тәжірибесінде табысқа жетуіне көмектеседі. Балаларымыздың жақсы болашағын қамтамасыз ету үшін осы әдемі істі бірге қолдап, таратайық! - деп пікір білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер