"Барша алматылықтардың қайғысы". Досаев «Ақкенттегі» өрттен қаза тапқан марқұмның отбасына көңіл айтты

4283
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтердің отбасына – «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі қала әкімдігінің телеграм-каналына сілтеме жасап.

"Құрметті Қайрат Жармұхамедұлы және Жұмагүл Жұмашқызы! Қайғыға ортақтасып, көңіл айтуымды қабыл алыңыздар. Әселдің мезгілсіз қайтыс болуы тек сіздер үшін ғана емес, баршамыз үшін, алматылықтар үшін ауыр қайғы болды.

Жақындарыңнан айырылу өте қиын, бірақ баласынан айырылған ата-ананың қайғысымен ештеңе теңесе алмайды. Қайғыларыңызға ортақпын. Бұл орны толмас қазаға сіздерге батылдық пен төзімділік тілеймін.

Қыздарыңыз Айжанның тез сауығып кетуіне тілектеспін. Оның толық сауығып кетуі үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - делінген көңіл айту мәтінінде.

Әйел алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды делінеді.

Еске салайық, Алматыда сағат 17:00 шамасында 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққан болатын. Түтіннен қашқан тұрғындар пәтерлерінің терезелерінен секіріп, балаларын сыртқа лақтыра бастады. 43 адам зардап шекті.

Пікірлер