Риддерге жаңа әкім тағайындалды

1444
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі лауазымына Дәулет Батырбаев тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Дәулет Бахитұлы 1976 жылы Семей қаласында туған. 1998 жылы - «Семей» Мемлекетік университетінде, 2001 жылы Новосибирск гуманитарлық институтында оқыды. Мамандығы - Экономика және менеджмент (экономист-бухгалтер), құқықтану.

Мемлекеттік қызметтегі жұмысын Өскеменнің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқырмасында 2009 жылы бастаған.

Кейін Меновнов ауылдық округы әкімінің орынбасары болды.

Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Батырбаев ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасына жетекшілік етті.

Пікірлер