Путин билігіне қарсы шыққан Алексей Навальный 19 жылға сотталды

1636
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу қалалық сотының шешімімен ресейлік танымал оппозиционер Алексей Навальный 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "экстремистер қауымдастығын құрғандығы" үшін осындай жаза тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алексей Навальниге жеті эпизод бойынша айып тағылды, оның ішінде экстремистік қызметті қаржыландыру және нацизмді жаңғырту деген айыптар да бар, деп хабарлайды РБК.

Тергеу мәліметтеріне сенсек, Навальный 2014 жылға дейін Ресейдегі мемлекеттік тұтастық пен конституциялық құрылысты құлдыратуға бағытталған экстремистік қауымдастық құрған. Аталған ұйымды қаржыландыру жолында сегіз коммерциялық емес ұйым құрған. Сот мұндай ұйымның ішінде түрлі фирмалар мен қорлар бар екендігін айтады.

Еске сала кетейік, Ресейлік саясаткер, оппозиция белсендісі Навальный 2021 жылдың қаңтарында ұсталды. Оны полиция емделіп, Германиядан оралғаннан кейін "Ив Рош" ісі бойынша құрықтады.  Бастапқыда ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан кейін Мәскеу сотына Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс келіп түсті. Бұл жолы ол алаяқтық және сотқа құрмет көрсетпеу ісі бойынша 9 жылға сотталды. Ол кезде айыптаушы тарап бұрынғы саясаткерге 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. 2023 жылдың сәуірінде Навальныйға қатысты терроризм фактісі бойынша іс қозғалды.

Сот шешімі бойынша Навальный ешкіммен хат-хабар алмаса алмайды. Қол-аяғы кісендеулі күйде жазасын өтейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер