Oрталық саябақта ҚХА аллеясына отырғызылған шыршаларды суару жұмыстарына сәрсенбілік сенбілік өткізілді

1739
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан халқы ассамблеясы этно-мәдени орталықтарының төрағалары, Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы мен мүшелері,Ассамблея жастары өкілдері бірлесіп көктемде орталық саябақта ҚХА аллеясына отырғызылған шыршаларды суару жұмыстарына сәрсенбілік сенбілік өткізіп қайтты.

Бұған дейін де қаланың орталық саябағының теңгеріміне берілген ағаштарға бақылау жасалынып кейбір отырғызылған шыршалардың өспей қалу қаупі бар екенін байқаған болатынбыз. Ассамблея мүшелерінің белсенді әрекеті арқасында әр шыршаны арам шөптерінен тазалап, түптерін қопсытып, барлығына дерлік суару жұмысы жүргізілді.

Сенбілікте қаламыздың тұрғыны,зейнеткер Сәкен Келдібаев ағамыз бізбен бірге болып, өзінің мамандығы агроном болғандықтан олардың күту әдістеріне тоқталып,қаламыздың әрбір жасыл желегіне ерекше жанашырлықпен қарайтынын айтып өтті.

Қаламыздың бас бағбаны атанып жүрген ағамызға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Өз тарапымыздан алдағы уақытта аллеяға жауапты адамдар әр апта сайын келіп қадағалау жұмыстарын жүргізетін болады.

Қаламызды көгалдандырып,қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың міндеті болғандықтан,оны тек егіп ғана қоймай,одан әрі оның өсіп жайқалуын қадағалау біздің борышымыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер