Екібастұз оқиғасы. Тоқаев қазақстандықтардың "шыдамы мен сабырын" сөз етіп, алғыс білдірді

1359
Adyrna.kz Telegram
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сапарымен Павлодар облысына барды. Президент алдымен Екібастұз жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылап, істің барысымен танысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дегенмен Тоқаевтың хабарлауынша, жағдай күрделі.

"Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл олқылықты реттеу үкімет пен барлық әкімдердің міндетіне кіретінін ескертті.

"Бірақ бұл шыдамдылық пен түсіністіктің де шегі бар. Сондықтан біз шаралар қабылдаймыз", - деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 27 қарашасында Екібастұзда жылу және ыстық су кең көлемде тоқтатылды.

Сәуірдің 5-і күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев апатқа адам факторы себеп болғанын айтты.

Маусымның 13-і күні Екібастұз ЖЭО сотта әкімдікке жеңілді, енді 22 миллион теңгені мемлекетке қайтаруы керек. Бұл төтенше жағдай кезінде Екібастұзды суықтан аман алып қалған жұмысшылардың жанар-жағармайына, жатын орны мен тамағына жұмсалған қаланың төтенше резервіндегі ақша болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер