Щучинск қаласының әкімі атышулы балағат сөзінің толық видеосын жариялады

1632
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов жанжалды сөйлеген сөзінің видеосы тараған болатын. Кейін  ол балағат сөзді халықтың атына емес, парақшаға байланысты айтқанын жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2 тамызда Олжас Нұрмағамбетовтің тікелей эфирі жанжалға ұласқан болатын. Әкім тікелей эфирді аяқтай салып, оны өшіруді ұмытып кетті. Ал оның эфирден тыс айтқан сөздерін қала барша қосылып отырған халық естіді.

Қатты сыннан кейін Нұрмағамбетов мұның барлығын теріске шығарды. Ол эфир кезінде және одан кейін "Щучинск қаласының атына теріс әрі ұятсыз мәлімдемелер болмағанын" айтты. Ал Бурабай ауданы әкімдігінде олар, тіпті, жиналғандар тарапынан сұрақ болмағанын мәлімдеді.

Бұл ретте департамент қала әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталғанын атап өтті.

Олжас Нұрмағамбетовтың өзі 6 тамызда болған жанжалды сөзінің толық видеосын Instagram желісінде бөлісті.

Бұл бейнежазбада тұрғындардың атына әдепсіз (ұятсыз) жазылған бірде-бір сөз жоқ. “... өзінің парақшасын бір жеріне тығып қойсын” деген сөздер үшін кешірім сұраймын. Міне, эфир осылай өтті, құрметті достар, - деп жазды әкім.

Пікірлер