Әншіні кумир тұтқан ел ұзаққа бармайды

1740
Adyrna.kz Telegram

Халқымыз әншілерді көп оқиды ғой. Соңғы кезде әншілердің әлеуметтік желідегі жазбаларын парақтап отырамын. Әдейі қарап шығамын. Жалпы, елдің бәрі қызығып оқитын не бар, не айтады осылар деп.

1. Суретке түседі екен. Қазақстанда гострольдік сапармен жүрген суреттер, шетелде демалып, қыдырып жүрген суреттер.

2. "Жұма мүбәрәк болсын жамағат" деген суреттер салады екен.

3. Ресторанға барған кездегі ішкен-жегенін салған суреттер. Астың түр-түрі бар.

4. Пәленше деген әнші, композитор бауырымыздың туған күні деген суреттер.

5. Қалайсыздар? Не жаналық? Алматыда күн жылы. Астанада қалай деген сарындағы бірсыдырғы уақыт өлтіру үшін историялар салады.

6. Тікелей эфирге шығады. Анау-мынау бос әңгімелерді қаужап отырады. Халықтың "Қалайсыз? Жақсымын" деген сұрақтарына жауап жазады.

7. Жарнама жасайтын өзі түскен роликтерді салады. Ақша табатын болуы керек. Әлгі Қайрат айтатын "Сантуфейдііің билеттерін-ай"деген сарындағы бірдеңелер вообщем.

Примерно осы жеті тақырыптың айналасы. Басқа іліп алар дым жоқ. Мысалы, маған қажет, менің өмірімді өзгертер, іліп алар не бар осылардың ішінде??? Ал, Қайрат Түркияда демалыпты, әйелін құшақтап суретке түсіпті маған не одан?.. Біздің xалықтың санасы, біреудің өміріне қарап қызығатын, соны өзара әңгіме қылатын, тоқалы кім, кім-кіммен жүреді осындай ұсақ тақырыптарды қаужайтын дегейде екені көрініп тұр. Ну вот қызық осы біздің xалыққа!

Тағы бір байқағаным, әншілер журналистерге сұxбат берерде қазақшыл, елшіл, жершіл, патриот сөздерді жақсы айтады. Бірақ, сол ел мен қазақтың мәселесі шешілетін президент сайлауы, Астана атының өзгеруі секілді саяси процестерге өз азаматтық пікірін білдірмейді. Мысалы, елдегі кейбір көзі ашық азаматтарымыз Дариға болмасын. Келесі президент кім болғаны елге тиімді? Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты өз азаматтық позициясын айтып, пікір білдіріп жатады ғой. Әншілерде ол жоқ. Қызық да?! Эфирдегі әңгімесін тыңдасаң бәрі елшіл. Бірақ, елдік мәселе шешілер нақты процестерге азаматтық пікірін білдірмейді. Үн-түнсіз жатады. Мен әлеуметтік желіде есі дұрыс аналитика жаза білген әншінің парақшасын көрмедім. Бәрі инстада сурет салып, гүл-гүл жайнап жүреді. Телеарнаға шықса елдік сөздерді қиналып, ойланып, мұңға беріліп отырып бір сұxбат береді де нақты елдік мәселе шешіліп жатқан саяси процестерде сурет салып, той-томалақта жүреді. Әлде, ойын ашық айтса ертең сайлауда өтетін концерттерге, мемлекеттік мерекелерге шақырту, заказ ала алмай қаламын деп ойлайды ма? Олай ойлайтын болса оның журналистердің алдында мұңға беріліп отырып айтатын елдік әңгімесі қайда? Экранға бір рет осылай образ жасап қойып кейін инстаграмның деңгейіне қайта түседі ме?

Менің ойымша, біз xалыққа әнші-бишілерді тым артық жарнамалап, журналистердің орнына экранға дейін шығарып, көбіктерден үлкен кумир жасап бердік. Саяси санасы мен мәдениеті әлі өркениетті елдерге жете қоймаған xалқымыз осыған шынымен сенеді. Елге танымал әншіден инстада тікелей эфирде бір жауап алса 1-2 апта бақыттан басы айналып жүретін қоғамымыз бар деңгейге түстік. Халық шынайы өзіне керек ақпараттарды оқып, керек емесін сүзіп лақтырып алып тастайтын деңгейге шықпаса сауатты азаматтық қоғамның жақын арада қалыптаса қоюы екіталай...

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер