Қазақстандағы уран кен орнын сатып алуды қолдағаны үшін ресейлік компания Путинге алғыс айтты

3669
Adyrna.kz Telegram

«Росатом» корпорациясы Қазақстандағы Буденовское уран кен орнын сатып алды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

«Росатом» корпорациясының басшысы Алексей Лихачев Ресей президенті Владимир Путинге Қазақстандағы Буденовское кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқан. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі жазды. Корпорация басшысы:

«Біріншіден, Қазақстандағы Буденовское кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді», - деді Алексей Лихачев Кремльде Путинмен кездесуінде.

Сонымен қатар «Росатом» уран қоры бойынша екінші орынға жылжып, ядролық отын циклінің барлық кезеңдерінде үздік үштікке кіргені белгілі болды.

Лихачев Буденовское кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткені үшін Ресей президентіне алғыс айтты.

2022 жылы әлемде уран өндірісі алты пайызға өсіп, 50,4 мың тоннаны құрады. Әлемдік өндірістің 85%-ға жуығын қамтамасыз ететін тоғыз ірі компанияның бірі - «Росатом» мемлекеттік корпорациясы.

Еске салайық, 2023 жылдың көктемінде қазақстандық миллионер Александр Клебановтың ұлы Яков пен ресейлік миллиардер Василий Анисимов Буденовский кенішіндегі үлестерін «Росатомға» сатқаны белгілі болған еді.

Пікірлер