Көкшетау қаласының бірқатар көшесіне қазақша атаулар берілмек

1467
Adyrna.kz Telegram

Көкшетау қаласындағы бірқатар көшеге қазақша атаулар беріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Ақмола облысы әкімінің қаулысында «Парк борцам за революцию» саябағын «Алаш арыстары» саябағына; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауын Кәкімбек Салықов атындағы жағалауға; 2 горная көшесін Таңсамал көшесі; Алма-Атинская көшесі (Транскрипциясын нақтылау мақсатында ) Алматы көшесіне; Дмитриев көшесін Күйші Дәулеткерей көшесіне; Кирветка көшесін Керуен көшесіне; Космонавтар көшесін Ғарышкерлер көшесіне; Никитин көшесін Ботай көшесіне; Шучинская көшесін Байқоныс көшесіне ауыстырылатындығы айтылған.

Құжат 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер