Алматы саябақтарында балаларға шығармашыл тұлғалардың қатысуымен тегін шеберлік сабағы өтіп жатыр

1126
Adyrna.kz Telegram
almaty.tv
almaty.tv

Іс-шара аясында мегаполистегі жүздеген саябақта тәжірибелі спикерлер мен шығармашыл тұлғалар бой көрсетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жиындар өз кезегінде балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал етеді. Айта кетейік, сабақтар тегін өткізіліеді. Бүгінде Алматыда мұндай іс-шараға қатысатындардың саны 850-ден асқан.

– Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына да демалыс орнын таныту болып табылады. Ол балалардың барлығы демалыс орталығына тегін тіркеле алады. Бұл іс-шараның міндеті – демалыс орталықтарын таныту, – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының бөлім басшысы Шолпан Жабайқызы.

Қоса кетейік, Алматының Бостандық ауданында аталған бағыт бойынша 8 демалыс орталығы тұрақты және тегін жұмыс істейді. Мұндай орындарда жасөспірімдер мен балалар жалпы 3 бағыт бойынша үйірмелер мен секцияларға қатыса алады.

– Орталықта балаларға түрлі сабақ өткізіп жатыр. Әсіресе, гитара, вокал сынды сабақтарына қатысушылар көп. Шыны керек, жаздағы балалардың демалысы қызықты өтуі тиіс. Сондай-ақ олардың өсуіне, дамуына бағытталуы керек, – деді демалыс орталығының төрағасы Самат Ищанов.

Пікірлер