Демалуға барған. Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жасар қыз суға батып кетті

6449
Adyrna.kz Telegram

Ақтау маңындағы екі демалыс орнында жасөспірім қыз бен ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жексенбі, 20 тамыз күні болған. Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, 14 жасар қыздың өлімі «Монтажник» демалыс базасында сағат 11:47-де анықталған.

Екінші қайғылы оқиға кешкі уақытта «Бриз» демалыс орталығында болды. Сол жерде 36 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ғаламторда марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды. Айтуларынша, ер адам суға түсіп, сол сәтте бата бастаған. Оқиға куәгерлері оны суырып алып, есін жиғызбақ болған. Алайда, әрекеттер нәтижесіз болды.

Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері болды.

Пікірлер