20 жылдан астам уақыт. Қарағанды ​​облысы қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша көш бастап тұр

1524
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша 20 жылдан астам уақыт бірінші орында тұр, деп жазады "Адырна" порталы. Деректерді stat.gov.kz ұсынды. 

2022 жыл – елдегі қайтыс болған жұмысшылардың саны бойынша бірінші орын (33 адам).

2021 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (32 адам).

2020 жыл – елдегі қаза болған жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (36 адам).

2019 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орында (33 адам).

2018 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (37 адам).

2017 жыл – республика бойынша қаза болған жұмысшылар саны бойынша бірінші орында (34 адам).

2016 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (32 адам).

2015 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (33 адам).

2014 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (38 адам).

2013 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (31 адам).

2012 жыл – республика бойынша қаза тапқан жұмысшылар саны бойынша бірінші орын (45 адам).

2000-2012 жылдар аралығында Қарағандыда жыл сайын 41-ден 112-ге дейін адам қайтыс болды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды ​​облысы зардап шеккендердің, соның ішінде қаза болған жұмысшылардың саны бойынша жетекші орында тұр. Сонда зардап шеккендердің жалпы саны 460 адамды құрады. Жазатайым оқиғалардан ең көп зардап шеккендер 30 бен 45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.

ekaraganda ​​мәліметінше, 2022 жылы апаттардың басым бөлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарда тіркелген.

Еске салайық, дәл қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында құтқарушылар бесінші кеншінің денесін тапты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер