Қазақстанда 369 мектеп салуға 2,4 трлн теңге бөлінеді

2658
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2,4 трлн теңгеге 369 мектеп салынады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отыр.

Қалаларда – 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады.

217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған, делінген хабарламада.

Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер