«Путиннің араласпаған ісі өте аз». Байден Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді

1293
Adyrna.kz Telegram
Фото: Jacquelyn Martin / AP
Фото: Jacquelyn Martin / AP

АҚШ президенті Джо Байден Вагнер ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sky News басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Пригожин сәтсіз көтерілісінен кейін "не ішіп, не жейтініне және не мінетініне" мән беруі керек еді. Мен не болғанын нақты білмеймін, бірақ таң қалмадым. Ресейде Путиннің араласпаған ісі өте аз. Бірдеңе деп айтуға менде артық ақпарат болмай тұр, - деді Джо Байден.

Еске салайық, 23 тамыз күні Ресейдің Тверь облысында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин болған. 

Пікірлер