Қазақстан МАГАТЭ-ның үстінен сотқа шағым түсіреді

1453
Adyrna.kz Telegram

Ең ірі уран өндірушілердің бірі Қазақстан МАГАТЭ директорлар кеңесінде дауыстың жоқтығына риза емес және сотқа шағым түсіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып.

Жұма күні Bloomberg басылымы әлемдік уранның бестен екі бөлігін өндіретін Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің шешім қабылдау үрдісінен шеттетіліп отырғанына риза емес екендігі туралы мақала жариялады. Қазақстан МАГАТЭ-ге Басқарушылар кеңесінен орын беру туралы «заңды өтініш» жолдауға дайындалуда. Қазақстанның талаптары агенттіктің 2023 жылдың 25 қыркүйегінде өтетін кезекті жалпы конференциясында баяндалады.

Дүние жүзіндегі уранның шамамен бестен екі бөлігін өндіретін Қазақстан ядролық шешім қабылдаудағы жағдайды өзгертуге тырысып, заңды шара қолдануды көздеп отыр.

Осы тұста, жаңа жеткізу тізбектерін іздеуде Қазақстанның талаптары коалиция арасында қолдау тапты. Ресейлік дипломаттар Қазақстанға бұрын көмектесуге тырысқандарын және тағы да қолдауға дайын екендерін мәлімдеген.

«Біз Қазақстанның Басқарма құрамына кіруге және істердің әділетсіз жағдайына назар аударуға деген табанды күш – жігерін құптаймыз», – делінген АҚШ-тың МАГАТЭ-дегі Елшісі Лаура Холгейт мәлімдемесінде.

Пікірлер