Әміржан Қосанов құжаттарын тапсырды

1551
Adyrna.kz Telegram

Президент сайлауына "Ұлт тағдыры" қозғалысынан ұсынылған Әміржан Қосанов бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Кешеден бері әлеуметтік желіде Қосановтың құжаттарын қабылдай ма, қабылдамай ма деп елеңдеген халыққа бұл туралы саясаткер өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.

"Бүгін Астанаға келіп, Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсырдым. Екі күн бойына тексереді екен. Қазақ тілінен сынақты дүйсенбіге сағат 11-00-ге тағайындады. Осындайда қазақ ауылында туып, ата-әжемнің "айналайын" естіп, тілімді сындырып, қазақ мектебі мен университеттің журналистика факультетінің қазақ бөлімінде оқып, студент болып жүріп, "Егемен Қазақстан" секілді іргелі газетте кәсіби еңбек жолымды бастағаныма тәуба деймін" деп жазған Қосанов.

9 маусым күні өтетін ҚР Президентіне үміткерлердің ішіндегі негізгі теке-тірес қазіргі уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановтың арасында өтеді деп болжануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер