Галкин Қазақстандағы концерт ұйымдастыру мәселесіне шағымданды. Әкімдік жауап берді

1847
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік әртістің концертке мемлекеттік деңгейде кедергі келтірілгенін айтқан мәлімдемесіне Астана қаласының Мәдениет басқармасы түсініктеме берді, деп жазады “Адырна”.

«2023 жылдың 1 наурызында Астана қаласының Мәдениет басқармасына «TopBilet» АЖ директоры Р.Р.Аслановтан 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу туралы хат келіп түсті.

8 қазанда Ұстаздар күніне орай концерт болатынына байланысты кеш ұйымдастырушыларына басқа даталарды немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылды.

Ұйымдастырушылар тарапынан қайта келген хаттар болған жоқ», - делінген хабарламада.

Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерттің нәтижесінде тағы бір концерттік залда өткізу жоспарланып отырғаны айтылды. Сондықтан ұйымдастыру комитеті ұйымдастырушылардың екінші өтінішімен Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігі айтылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер