Наталья Жұмаділдаева үкіметте жаңа қызметке ауысты

1861
Adyrna.kz Telegram

Наталья Жұмаділдаева білім бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үкіметтің қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева Білім бірінші вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жұмаділдаеваның білім саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.

1965 жылы туған. Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2004-2013 жылдары - Қызылорда қаласындағы No112 және No23 Қизатов атындағы орта мектептердің директоры.

2013-2015 жылдары - Қызылорда қаласы бойынша қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары - Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры.

2016-2021 жылдары - VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты.

2021 жылдан - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2022 жылдың қарашасында Білім министрлігі мектепке дейінгі тәрбие департаментінің директоры болып тағайындалды.

 

Пікірлер