Мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды

1358
Adyrna.kz Telegram

Президент Жарлығына сәйкес 1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пунктерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.

Күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп күтіледі. Олардың арасында Қарулы күштер қатарына – 8 мыңнан астам, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 сарбаз.

[video width="960" height="544" mp4="https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/vid-20230915-wa0003.mp4"][/video]

фото: inbusiness.kz

Пікірлер