7 мамырда әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

2038
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігінде әскери парад жыл сайын өткізілуі тиіс деген регламент жоқ

Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад болмайды. Қарулы күштердің бөлімшелері дайындықтарын оқу-жаттығу кезінде  көрсетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан ресми сауалына.

"Отан қорғаушылар күніне орай әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ",- деп жазылған Қорғаныс министрлігінің жауабында.

Биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Ол Алматы облысындағы "Қаратал" полигонында ұйымдастырылған болатын.

"Әскери шеруден бас тартудың айтарлықтай себебі жоқ. Бізде шеруді жыл сайын өткізу керек деген регламент жоқ. Биыл Қарулы күштер бөлімшелері парадының орнына "Айбалта 2019" стратегиялық командалық-штабтық жаттығуы өтті. Жаттығу кезінде қазақстандық әскер өзінің күш-қуатын көрсетті", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Серік Боранбаев.

"Айбалта 2019" оқу-жаттығуы

Биыл "Айбалта 2019" оқу-жаттығуы ауқымды болды. Оған сегіз мың әскери қызметкер, бір жарым мыңнан астам жердегі техника мен 50-ден астам әуе техникасы қатысты.

Командно-штабные учения Айбалта-2019
Түрлі өңірлерден жиналған Қазақстанның Қарулы күштер бөлімшелері екі апта бойы ел аумағына кірген қарулы топтарды жою бойынша жаттығып, дайындықтарын пысықтады.
Учения Айбалта 2019

Оқу-жаттығу аяқталған соң, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскердің дайындығына жоғары баға берді. Қарулы күштердің беделін нығайта түсу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Sputnik.

Пікірлер