Әзімбай Ғали : "Қазақ демократиясы қырғыздық мінезге келді"

2104
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы қазақ жұртшылығының саяси мінезінің өзгеріп келе жатқанының куәсі болып отырмыз. Бірінші Мамырда болған қазақтың бейресми шеру көрінісі қазақтың мінезі қырғыз саяси прецедентіне кетіп бара жатқанын көрсетеді. Алты Алаш мемлекетінде еркіндікке деген ұмтылу ежелден бар. Оған таң қалмау керек. Қазақ бірегей хандарын сайлағаны бар. Бүкілқазақтық хандардың екеуі импичментке ұшыраған. Алты Алашта Үш Жүзде қазақтан басқа қырғыз, ноғай, қарақалпақ болған. Өзбекте бізге туысқан халық, бірақ олар шығыс деспотия жолымен кетті. Екі жүйеде парламенттің билігі күшею керек. Сонымен біз демократияға кетіп бара жатырмыз: парламенттік жүйе, немесе бәсең президенттік жүйе.

Демократиялық жолдан тайдырудың амалдары мыналар:

1)Репрессиялар жолдарына түсу;

2)Әлеуметтік популизм жолына түсіп тұрмыс деңгейін жақсарған сайын халықта тоғышарлығы күшееді ;

3)Ұлттық популизм жолына түсіп қазақтың көңілін табу. Қазақ жұртшылығына әсерлік популистік шара мен істер-"Хабар" теледидарын толық қазақшаға өткізу, Қазақстанның саяси басшылығының қазақшаға өтуі, іс қағаздар мен шаралардың қазақша жүргілуі;

4) Саяси популизм - жергілікті жерді өзін өзіне басқаруға (местное самоуправление) жол беру, ресми қызметкерлердің фесбукте болу, халықпен ара қатынасты жақындату, өзара сенімді көтеру, цифрлық жүйегі өткізіп халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметті оңайлату; 5)Қырғыз қателігі- олар алдымен саяси реформасын жасап, коррупцияны ауыздықтатады. Бұл жолдың қолайсыздығы- атқарушы билік босап украин феноменіне ұшырайды;

6) Украин феномені- революция мен майдан дүрбелеңінен әскери әлсіреген Қазақстан Солтүстік территорияларынан айырылуы ықтимал. Жау жоқ деме жар астында.

Қандай жол таңдалса да саяси үрдістерді нақты бағалап саяси технологиялар жолына түсу. Буржуазиялық демократия саяси билікке ең ұтымды жол. Саяси және құқықтық реформасыз Қазақстан  экономика тоқырау жолына түседі. Қазақ ежелден еркіндікті аңсаған, қазақта парламенттік жүйе басым болған, сот билігі мен сөз еркінді болған, сондықтан біздің еліміз кең байтақ, 18 ғасырдың бірінші жартысына дейін саяси дағдарыс болмаған. Біз украин қателігін қайталамаймыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер