Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Тимур және Динара Құлыбаевтар «Халық банкін» сатпақшы

4025
Adyrna.kz Telegram
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның акциялары сатылатын болады. Алайда, «АЛМЭКС» холдингтік тобы негізгі акционер болып қала бермек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында хабарланды

2018 жылдың шілде айында өзіне «Казкомерцбанкті» қосып алған «Халық банкі» Тимур және Динара ҚҰЛЫБАЕВТАРҒА тиесілі екені баршаға аян.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табысы 62,1 млрд теңге. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 35,2 % өскен.

Forbes Kazakhstan рейтингісі бойынша «Халық банкі» Қазақстанда бірінші сатыда тұр. Сондай-ақ, бұл екінші дәрежелі банктің филиалдары Грузия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресей Федерациясында да бар.

Айтпақшы, «Халық банктің» иелері 2018 жылы америкалық Forbes журналының рейтингісінде Болат ӨТЕМҰРАТОВТЫ басып озып, Тимур Құлыбаевтың жылдық табысы 1,1 млрд долларға өскен. Жұбайы екеуінің байлығы 6,4 млрд доллар. 2017 жылы олар 973 орында болған еді. Биыл 715 сатыға жайғасқан. Олардың әрқайсында 3,1 млрд доллар бар. Бұндай дәулет өмір бойы кәсіпкерлікпен айналысып 71 жасында президент болған Дональд ТРАМПТА бар. Оның байлығы да 3,1 млрд долларға бағаланады.

"Жас Алаш"

Пікірлер