Түркияда Стамбул әкімін сайлаудың нәтижесі жойылды

2111
Adyrna.kz Telegram

Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясы Стамбул қаласы әкімін сайлау нәтижесін жойып, қайта дауыс беру өткізу туралы шешім шығарды. Сайлау 23 маусымға белгіленді. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап "Азаттық" радиосы хабарлады.

Сәуірдің ортасында сайлау комиссиясы Стамбул әкімін сайлауда оппозиция жақтағы халықтық-республикалық партиясының кандидаты "Экрем Имамоглу жеңіске жетті" деп хабарлаған. Биліктегі Режеп Тайып Ердоғанның әділдік және даму партиясы 1994 жылдан бері алғаш рет Стамбулдағы биліктен айырылған. Кейін Ердоғанның жақтастары сайлауда заң бұзылды деп, дауыс беру нәтижесін жоюды талап еткен.

Түркияда 31 наурызда муниципалдық сайлау өткен. Барлығы 57 млн адам дауыс берген. Стамбул әкімін сайлауда Экрем Имамоглу билік партиясының кандидаты Бинали Йылдырымнан басым түскені хабарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер