"Басымнан теуіп жатқаны есімде..." Талғардағы оқиға. Дәрігер версиясы

2273
Adyrna.kz Telegram
Алматы облысы, Талғар аудандық орталық ауруханасында соққыға жығылып, ақырында ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен дәрігерлер есін жиды. Маман оқиғаның қалай ширығып, қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Алматы" телеарнасының ақпаратына сәйкес, дәрігердің басынан қатты соққы алғаны есінде қалған:

"Әлі де жағдайым ауыр, басым ауырады. Көзім мазалайды. Тұру да қиын болып тұр. Есімде қалғаны, әуелі басымнан ұрды, мен жығылғанда басымнан теуіп жатқан. Қалғаны есімде жоқ", - деді болған жайтқа қатысты зардап шеккен дәрігер Нұрдәулет Евадилла.

Соққыға жығылған әріптестерінің қандай жағдайда екендігін бас дәрігердің орынбасары да хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлерге ота жасау қажет:

"Реанимация бөлімшесінен травматология бөлімшесіне ауыстырдық. Екінші әріптеске келесі аптада мұрнына ота жасау керек. Бет-жақ сүйектерін тексеріп, сосын ота туралы шешім қабылдаймыз", - деді Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалымжан Есенәлиев.

Реті келгенде айта кетейік, Қазақстанда соңғы кездері дәрігерлерге қарсы жасалған деректер жиі тіркеледі. Осы жылдың тамыз айында Қарасай аудандық ауруханадасында жұмыс істейтін медбикені пышақталып, қапыда қайтыс болды. Жұмыс уақытында мекемеге оп-оңай кіріп, ойына келгенін істеген 42 жастағы күдікті қазір қамауда отыр.

Естеріңізде болса, кеше ақ халаттыларға жұдырық ала жүгірген шымкенттік азаматтың видеосы желіде тарады.  Ауруханаға ем іздеп келген науқастың дәрігер мен санитариялық қызметкерді ұрып- соққаны айтылды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер