БАҚ: Алматыдағы беделді мектептердің бірінде оқушы зорланған

1764
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады. Бұл туралы оқушының анасы айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жеті жасар баланың анасы оқиғаны толық баяндап берген.

"12 қыркүйекте балам мектептен жыртық шалбармен келді. Келесі күні мен оларды тікпек болғанымда оның іш киімінен ақшыл түсті бөліністерді көрдім", - деді ол.

Анасы осы жағдайдан кейін баланы қарап, оның зорлық-зомбылыққа ұшырағанын түсінген. Ол бірден полиция шақырған.

Мектеп оқушысы сот-медициналық сараптамадан өтті. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

1-сынып оқушысы анасына не болғанын айтпағанымен, 15 қыркүйектен бастап психологиялық жағдайы қатты нашарлаған. Ол нашар ұйықтай бастаған. Анасының айтуынша, түнде түнде қорқынышты түс көріп, жануарларға агрессиві пайда болған.

Қазір бастауыш сынып оқушысымен психолог пен психотерапевт жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер