Бала құқықтары жөніндегі уәкіл зорланған оқушыға қатысты іс бақылауында екенін айтты

1349
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 1-ші сынып оқушысының зорлануына қатысты іс бақылауында екенін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Биыл 12 маусымда Динара Зәкиева ҚР Бала құқытары жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалған болатын. Балалар омбудсмені балалар зорлығына қатысты қатаң шараларды жариялаған болатын.

Алайда оқу жылы бастала салысымен Алматыдағы мектептердің бірінде 1 сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарады. Осы іске қатысты  ресми уәкіл Facebook парақшасында арнайы жазба қалдырды.

"Алматы мектебіндегі жағдайға қатысты. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр
СТ .ҚР ҚК 121.
СМЭ нәтижелері күтілуде, бейнежазбалары зерттелуде. Мектеппен байланыстамын. Мен прокуратурамен, тергеумен жұмыс істеудемін.
Жәбірленуші баланың анасына хабарласа алмадым. Өзімнің байланыс нөмірімді жаздым,  байланыста екенімді айттым",- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін БАҚ беттерінде 1-ші сыныпта оқитын оқушының зорланғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Пікірлер