Назарбаев қоры құрылымындағы мектепте. Зорланған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

2337
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы мектептердің бірінде 1 сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тараған болатын.  Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жуырда баланың анасы “Немолчи” қорына жүгінген.

"Оның ұзақ уақыт бойы бұқаралық ақпарат құралдарына баруға батылы жетпеді. Жария болғанын қаламады. Екі апта өтті. Осы екі апта полицияның тергеуді қалай жүргізетінін, сараптамаға нұсқауды қалай беретінін және осы сараптаманы қалай жүргізетінін білуге жеткілікті болды", - деп хабарлады қор Instagram-дағы парақшасында.

Балалардың құқығын қорғау комитеті аталған факті бойынша қылмыстық іс қаралып жатқанын мәлімдеді.

Оқиға комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста,- делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, баланың отбасына көмек ұсынылды.

Комитет БАҚ беттерінде жарияланған әр ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Себебі, бізге бала туралы деректердің құпиялылығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Осылайша қиын жағдайға тап болған бала мен отбасының тыныштығын қамтамасыз ете аламыз, - деді комитеттен.

Қалалық полиция ҚР ҚК 121-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Алматыдағы беделді мектептің 1-сынып оқушысын зорлау дерегі бойынша тергеу басталғанын қалалық полиция департаментінің (ПБ) баспасөз қызметі де растады, деп хабарлады ҚазТАГ.

Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауда, - деді Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-бөлігімен (сексуалдық сипаттағы күш көрсету әрекеттері) қылмыстық іс қозғалды.

Бұл факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 1-ші сынып оқушысының зорлануына қатысты іс бақылауында екенін жеткізген еді. Оқу орны Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының құрылымында жұмыс істейді.

Пікірлер