Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды

2186
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

4×400 метрге эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов, Аделина Земс) Бахрейн мен Үндістаннан кейінгі 3-орынды иеленді.

Естеріңізге салайық, 2018 жылы аралас эстафетадан спортышыларымыз күміс жүлде алған.

Сонымен қатар Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды. Ал ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер