Армения Путинді тұтқындауға ордер берген соттың құжатын мақұлдады

1499
Adyrna.kz Telegram

Армения парламенті сейсенбі, 3 қазанда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) Рим статутын ратификациялауға дауыс берді. 60 депутат қолдап, 20 депутат қарсы болды. Осылайша, Армения өз аумағында ХҚК юрисдикциясын мойындады. Бұл сот бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тұтқындауға санкция берген болатын, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW.com сайтына сілтеме жасап.

Арменияның халықаралық-құқықтық мәселелер жөніндегі өкілі Егише Киракосян парламентте талқылау барысында ратификациялау қажеттілігін – бұл Армения территориясында әскери қылмыс жасаған жағдайда Әзірбайжан әскерилерін жауапқа тартуға мүмкіндік беретіндігімен түсіндірді.

Бұл пікірге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Армения мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы үшін «дұрыс емес шешім» екендігін, сол күні Кремльде Армения басшылығына Ереванға «алдын ала берілген «қосымша сұрақтар» бар екенін айтты.

Песков:

«Екі жақты қарым-қатынас тұрғысынан Арменияның Рим жарғысына қосылуы дұрыс болғанына әу бастан-ақ күмәндандық. Біз әлі де бұл дұрыс емес шешім деп санаймыз», - деді.

Оның айтуынша, Крмель «Владимир Путиннің қандай да бір себептермен Арменияға сапарынан бас тартқанын қаламайды».

Пашинян «ХҚК-ны тану Путиннің қамауға алу туралы бұйрығымен, армян-ресей қатынастарына ешқандай қатысы жоқ» деп түсіндірді. Ол Рим жарғысын ратификациялауды Ереван 2022 жылдың желтоқсанында Путинді тұтқындауға санкция бергенге дейін бастағанын еске салды. Осыған қарамастан, Ресей ХҚК Ереванның Рим статутына қосылу жоспарын «мүлдем қабылданбайды» деп атады.

2023 жылдың наурызында ХҚК Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берді.

Соттың пікірінше, Путин мен Львова-Белова «халықты (балаларды) Украина аумағынан Ресейге заңсыз депортациялауға байланысты әскери қылмысы үшін жауапты болады. Ордер бойынша Рим статутын ратификациялаған елдер Путин осы елдерге барған кезде оны ұстауға мәжбүр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер