Нұр-Сұлтан "Ақ жол" партиясының митинг өткізу туралы өтінішіне келісім бермеді

1880
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан әкімдігі «Ақ жол» партиясының 31 мамыр репрессия құрбандарын еске алу күні митинг өткізу туралы өтінішіне келісім бермеді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

«Ақ жол» партиясы репрессия және аштық құрбандарын еске алу мақсатында 31 мамырда бейбіт шеру өткізуге рұқсат беруді өтінген. Өз өтінішінде партия екі түрлі нұсқаны ұсынған: біріншісі, партия мүшелерінің қатысуымен митинг, екіншісі, жеке сөз сөйлейтін азаматтарсыз, құрбандар құрметіне бір минут үнсіздікпен шеруді бастау.

Партияның жазуынша, шеру 2-3 сағатқа созылуы және оған 3000 адам қатысуы мүмкін болған. Шеру маршрутын әкімшілік таңдайды деп ойлаған.

Бүгін әкімшілік бұл өтінішке келісім бермегені белгілі болды. Себебі өтініште ұйымдастырушылардың аты-жөні, олардың тұрғылықты мекен-жайы, жұмысы, шерудің мақсаты, формасы және өтетін орны белгіленбеген.

«Өтініш хаттың қанағаттардырылмау себебі хат нормативтік-құқықтық актілерге сай жасалмаған», - делінген әкімшілік жауабында.

   
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер