Астанада жылу берілген үйдің төбесі опырылып құлаған. Әкімдік жауап берді

1431
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Астанада жылу берілген үйдің төбесі опырылып құлаған. Бұл туралы журеалист Ая Өміртай Facebook парақжазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналистің айтуынша, оқиға "Ансар" тұрғын-үй кешенінде болған.

“Төбедегі су құбыры жарылған болуы керек, кіреберісті су алған. Түн ішінде әбігерге түскен тұрғындар астана әкімі Жеңіс Қасымбектің апат болған аумаққа келуін талап етіп жатыр. Төтенше жағдай Күлтегін 11/1 мекен-жайындағы "Ансар" тұрғын-үй кешенінде болған.

Жеңіс Қасымбек мырза, тұрғындар менен көмек сұрап жатыр. Мүмкін сапасыз салынған сол жағалаудың су жаңа үйін өзіңіз көріп қайтасыз?!”, деп жазды журналист.

Нұра ауданының әкімдігі пәтердегі жайтқа қатысты пікір білдірді.

“Қызмет көрсетуші ұйымның және 6-қабаттағы тұрғын үйдің ОБС мәліметі бойынша, 120-пәтердің теңгерімдеуші клапаны үзіліп, оның салдарынан су ағуы орын алған.

Жылу энергиясын қосалқы тұтынушылардың үй-жайларына - пәтерлерге және тұрғын емес үй-жайларға тікелей жеткізуді қамтамасыз ететін үйішілік коммуникациялар тұтынушылар бөлімінде (OSI, KSK, PC және т.б.) орналасқан.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын басқару блогының кіріс клапандарының бірінші бөлу фланецімен немесе кірістің дәнекерлеу тігісімен анықталатын энергия беруші ұйым мен энергияны ішкі тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушы арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасына дейін жеткізеді”, делінген. 

Пікірлер