Теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды

2318
Adyrna.kz Telegram
фото: kzNews.kz
фото: kzNews.kz

Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

ҚазАқпараттың мәліметіне сәйкес, жас жігіттің денесі Ақмола облысындағы Бурабай шипажайы – Жамантұз учаскесінде табылған.

Марқұмның аты-жөні – Роман Бодагов. Жоғары техникалық колледждің 4-курс студенті.

Полиция мәліметінше, оның мәйіті Бурабай курорты мен Жамантұз арасындағы учаскеде теміржол бойынан табылған.

«6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, соның салдарынан теміржол көлігін пайдалану және көлік құралын пайдалану қауіпсіздігін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті полиция қызметкері.

 

 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер