Израиль армиясы Газа тұрғындарын үйлерінен кетуге шақырды - БАҚ

1567
Adyrna.kz Telegram
Amir Levy / Getty Images
Amir Levy / Getty Images

Израиль армиясы Газа шекарасына жақын жерде тұратын барлық азаматтарды эвакуациялау операциясын бастамақ, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ntv.ru басылымына сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс армиясы Газа секторының тұрғындарын Палестина-Израиль қақтығысының күшеюі салдарынан үйлерден кетуге шақырды.

Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының өкілі Авичай Адраи тиісті мәлімдеме жасады.

«Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін сіз дереу тұрғылықты жеріңізді тастап, кетуіңіз керек", - деді Times of Israel газетіне.

Сенбі күні таңертең Израиль Газа секторынан бұрын-соңды болмаған зымыран шабуылына ұшырады. Израиль армиясының баспасөз қызметі 3 мыңнан астам зымыран ұшырылғанын айтады.

Сонымен қатар, ондаған ХАМАС жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға кіргені туралы жазған едік.

Израильдің солтүстік аудандарынан оқ атқаны үшін жауапкершілікті Хезболла ұйымы өз мойнына алды.

7 қазанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израиль мен ХАМАС арасында кең ауқымды соғыс басталғанын жариялады.

Jerusalem Post газеті Палестина-Израиль қақтығысының өршуі кезінде Израильде қаза тапқандар саны 300-ден асып, 1,5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 232-ге дейін өссе, 1,7 мыңға жуық адам зардап шеккен.

Пікірлер