Бірнеше елші қызметін аяқтап, жаңасы тағайындалды

1817
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Асқар Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Даулет Батрашев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы елшісі қызметінен босатылып, Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып Жан Галиев тағайындалды.

Қазақстанның Иордания Хашимиттік Корольдігіндегі елшісі Талғат Шалданбай Ирактағы және Палестина мемлекетіндегі елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлықтарына сәйкес Қайрат Лама Шәріп Мысыр мен Тунис Республикасындағы елші қызметінен босатылса, Ақылбек Камалдинов  Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер