"Бейбітшілік пен әділеттілік үшін күрескен". Журналист Политовская сыйлығын алды

1368
Adyrna.kz Telegram
RAW in WAR
RAW in WAR

Журналист Люси Касса Политковская сыйлығын алды. Ол марапатқа Эфиопиядағы азаматтық соғысты қамтыған және бейбіт тұрғындарды қудалау туралы жазған жұмысы үшін қол жеткізген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі dw агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл сыйлық соғыс пен қақтығыстардағы адам құқықтарын қорғаушы әйелдерге берілетін Анна Политковскаяның атындағы Reach all Women in WAR (raw in WAR) ұйымынан табыс етіледі.

Сыйлық Люсиге "Эфиопиядағы азамат соғысы кезінде бейбіт тұрғындарға жасалған қатыгездік туралы әлемді хабардар етуге батылдығы мен табандылығы үшін, сондай-ақ Тиграй әйелдеріне үлкен қауіп төнген кезде бейбітшілік пен әділеттілік үшін күресті"деген атақпен берілді.

Касса шығармашылықтағы соңғы үш жылын Эфиопиядағы соғыс құрбандарына арнаған. Сонымен қатар, ол құпия концлагерьлер мен мыңдаған бейбіт тұрғындардың аштық пен аурудан қайтыс болуы туралы ашық айтқан.

Эфиопиялық журналист жұмысына байланысты үнемі қысым мен қауіп - қатерге анонимді де, билік өкілдері тарапынан да жиі тап болады.

Люси Касса әлемдік The Guardian, Al Jazeera, The Telegraph және Los Angeles Times газеттерінде штаттан тыс журналист болып жұмыс істейді.

Пікірлер