Алматы облысы жастардың кәсіп ашуы үшін 1 млн теңгеден грант беріледі

1501
Adyrna.kz Telegram

Zhasproject жобасы аясында 30-ға жуық жасқа қайтарымсыз грант берілу қарастырылған. Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін Zhasproject жобасы іске қосылады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге қайтарымсыз грант табысталады. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан Досалы айтты.

«ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Zhasproject жобасы туралы айтылады. Жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған өз жобасын іске асыру мүмкіндігіне бағытталған», - деді брифингте Балжан Ерболқызы.

Жоба аясында қазақстандық жастар гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Гранттың ең жоғары сомасы - 1 000 000. Сонымен қатар, жобаның барлық қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытудан өтіп, менторлардың қолдауына ие болады.

«Жобаға өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға ниетті 18 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар шақырылады. Мұнда әлеуметтік осал санаттағы жастарға: тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар, аз қамтылған отбасыларда тұратын, жетім және мүгедек адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға ерекше басымдық беріледі», - деді Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан Ерболқызы.

Кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі аспектілері, гранттық конкурсқа және оқыту бағдарламасына қатысу шарттары талқыланады, бұдан басқа, спикерлер туындаған барлық сұрақтарға жауап береді.

Пікірлер