Туристік полиция қытай тілінде сөйлейді

2479
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында туристік полиция енді қытай тілінде қызмет көрсетеді. Олар мемлекеттік тілден бөлек, ағылшын, орыс тілдерін де білу керек. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыстың Қытаймен шекараласатынын ескере отырып, бөлімшеде қытай тілін еркін меңгерген қызметкерлер жұмыс жасайтын болады. Мәліметке қарағанда, жаңадан құрылған полиция бөлімшесіндегі офицерлік құрамның штаттық саны 5 бірліктен тұрады.

«Туристік полиция құрамына енген қызметкерлер мұқият іріктеуден өтті, заңнаманы және шет тілдерін жақсы меңгерген. Олар еліміздің тарихын да жақсы біледі, әңгімешіл, ашық. Әрқайсысы мемлекеттік тілден бөлек, ағылшын және орыс тілдерін жақсы меңгерген. Сонымен қатар, өңіріміз Қытай Халық Республикасымен шектесетінін ескере отырып, бөлімшенің бір қызметкері қытай тілін еркін меңгерген», - делінген баспасөз баянында.

Қазіргі таңда туристік полиция еліміздің бес өңірінде қызмет етеді. Олардың міндеті туристерді қызықтыратын мәселелерге жауап беріп, олардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету.

«Туристік полиция Алакөл ауданында арнайы ақпараттық жүйелері, техникалар мен байланыс құралдары бар станционарлық бекетте жұмыс істей бастады. Алакөл соңғы жылдары шетелдіктер көп келетін орынға айналды», - деді баспасөз қызметі.

Пікірлер