Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болады

1690
Adyrna.kz Telegram
фото: CaspianLife ақпараттық порталы
фото: CaspianLife ақпараттық порталы

2025 жылы Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне ие болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бүгін Әзербайжан қаласы Шушада Түрксой Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің 40-отырысы өтті. Онда 2025 жылы Ақтау «Түркі әлемінің мәдени астанасы» болады деп маңызды шешім қабылданды.

Бұл туралы Түрксой халықаралық ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омар Facebook  парақшасында жазды.

Бұл – үлкен жетістік. Жыл бойы түркі елдері Каспий жағалауына жиналып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Осының арқасында өңірдің туристік әлеуеті артады, - деді Бақытжан Омаров.

Бұған дейін «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесіне Астана мен Түркістан қалалары ие болған.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер