Астық жинау науқаны аяқталды. Бүгін - нан күні

1184
Adyrna.kz Telegram
Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz

16 қазан Қазақстанда нан күні аталып өтеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, астық өнімдерінің мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Нан күні өнімді өндіруге атсалысатын барлық маманның кәсіби мерекесі. Атап айтқанда шаруалар, ұн тартушылар, наубайшылар.

Отандық шаруалардың еңбегінің арқасында еліміз айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының маңызды қатысушысы саналады. Биылғы жыл нан өсірушілер үшін қиын болды. Алайда барлық сын-тегеурінге, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, Қазақстан ішкі нарықты бидайдың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ өзінің экспорттық әлеуетін де сақтайды. Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырды. Мереке құтты болсын, құрметті сала қызметкерлері! Сізге және Сіздің жақындарыңызға бақ-береке тілеймін!, - делінген ведомство хабарламасында.

Пікірлер