30 млрд. Қайрат Боранбаев өзіне тиесілі компанияларды мемлекетке қайтарды

2509
Adyrna.kz Telegram
фото: КазТаг
фото: КазТаг

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өзіне қатысты жүріп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат түрінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап) деп жоспарланған.

Сондай-ақ кеше Қ.Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйін мемлекет меншігіне бергенін жазған едік. 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер