Жәнібек Әлімханұлы әйгілі «Канелоны» жұдырықтасуға шақырды

2058
Adyrna.kz Telegram
Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (60-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Отандасымыз оны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды.

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі «Канелоға» Instagram-дағы парақшасында үндеу жасады.

«Менің дайын екенімді білесіздер. «Канело» дайын болса, мен онымен ақпан айында жұдырықтасуға дайынмын. Маған төрт белбеу керек. Мен оны оңайшылықпен нокаутқа түсіре аламын. Бокстан хабарыңыз болса, сіздер бәрін білесіздер», - деп жазды қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, 15 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған еді.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер