Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей басшысы Владимир Путинді сынға алып, оның «бейбітшілік орнатқысы келетіні» жайлы сөздері «өтірік» екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Францияның ұстанымы өзгермейді: біз халықтардың егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Путин бейбітшілік орнатқысы келеді деп айтқанымен, Украинаға әуе шабуылдарын жалғастырып отыр. Біздің күтіп отырғанымыз бір-ақ нәрсе — Путин шартсыз атысты тоқтатуға келіседі ме, жоқ па?» — деді Макрон.
Одан бөлек, Макрон Қырымның мәртебесі туралы мәселе қазір күн тәртібінде жоқ екенін атап өтті, бірақ бұл Ресейге «еркін жол беру» дегенді білдірмейтінін жеткізді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресейдің Киевке жасаған түнгі соққыларына байланысты алаңдаушылық білдіріп, Владимир Путинге үндеу жасаған еді.
«Бұл шабуылдың еш қажеті жоқ еді, әрі уақыты өте сәтсіз таңдалған. Владимир, ТОҚТА! Апта сайын 5000 сарбаз қаза тауып отыр. Бейбіт келісімге келейік,» — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.