11 немеренің атасы. Трамптың жиені дүниеге келді

1000
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы, модель әрі әнші Тиффани Трамп ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желі X парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, жаңадан туған ұл балаға Александр Трамп Булос деген есім берілді. Бұл - Дональд Трамптың он бірінші  немересі.

Тиффани 2022 жылы нигериялық миллиардер Майкл Булосқа тұрмысқа шыққан болатын. Жұп отбасылық өмірін көпшіліктен жасырып, жеке өмірін сақтауға тырысып келген.

2024 жылдың қазан айында Детройттағы экономикалық клубта сөйлеген сөзінде Дональд Трамп Тиффани мен оның жұбайын «ерекше жандар» деп атап, олардың ата-ана болуға дайын екенін мақтанышпен жариялаған еді.

Пікірлер