"Қаһарлы күндермен" өткен бір ғасыр

4531
Adyrna.kz Telegram
Бүгін, 25 қазан - Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы Тахауи Ахтанов дүниеге келген күн, деп жазады "Адырна" порталы. 

Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған.

Ахтановтың қоғамдық және шығармашылық еңбегі жоғары бағаланып, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз (екі рет), Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

Баспасөзде тұңғыш жарияланған прозалық туындысы — «Күй аңызы» атты әңгімесі. Алғашқы әңгімесімен-ақ байсалды, байыпты қаламгер екендігін мойындатты.

Тахауи Ахтановтың танымал туындысы «Қаһарлы күндер» атты романы 1956 жылы басылды. Кезінде бұл роман кеңес жауынгерлерінің ерлігін, майдан өмірін суреттеген сүбелі шығарма ретінде бағаланған. Қазіргі еркіндік кезінде шығарманың айтары одан әлдеқайда ауқымды, концептуалды екенін, қазақ әдебиетінде ғана емес, кешегі кеңес әдебиетінде де соғыс туралы да, жалпы болмыс туралы да тың ізденістер келуіне өз тарапынан ықпал еткенін айту керек. Жаңаша ізденістің басында қазақ жазушысы Тахауи Ахтановтың тұрғанын бүгінде лайықты мақтанышпен еске алу, ескеру — парыз.

Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін».

Халқына өшпес мұра қалдырған Тахауи Ахтанов 71 жасқа қараған шағында 1994 жылы 25 қыркүйекте ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.

Пікірлер