Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартатынын айтты (ВИДЕО)

2152
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/ aliokapov
Фото: Instagram/ aliokapov

Әнші Әли Оқапов желідегі сыннан кейін барлық марапатынан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Осы видео арқылы мен 32 жылда алған барлық марапаттарымнан бас тартам деп шештім. Мұны баяғыдан-ақ істегім келген»,—деді өнер иесі.

Әли Оқапов марапаттарды қайтару үшін заңдарды мұқият оқығанын атап өтті.

«Наградаларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бейнеленген. Сондықтан мен заңды зерттеп, қайтару туралы нормативтік құқықтық актілерді іздедім. Алайда ештеңе таппадым. Ондай норма жоқ. Меніңше, олай ешкім де істеген жоқ. Сондықтан наградаларға қатысты құзырлы органдардың шешімін күтемін. Қандай шешім шықса, солай істеймін. Барлығын да жасауға дайынмын»,—деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ эстрада әншісі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен марапат беруге атсалысқан адамдарға алғысын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін әнші, музыкант Әли Окаповтың «Құрмет» орденімен марапатталғанын, бірақ оны желі қолданушылары сынағанын жазған едік.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Али Окапов (@aliokapov)

<

Пікірлер