ТЖМ 28 адамның денесі табылғанын хабарлады

2686
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған апаттан қаза тапқан 28 кеншінің денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департамертінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

«Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Көрінетін жану ошақтары жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады. Қазіргі уақытта 28 адамның денесі табылды, 18 кенші іздестірілуде», - делінген хабарламада.

Айталық, 1995-2023 жылдар аралығында АМТ объектілерінде қаза тапқандар саны 169 адамды құраған.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер